«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылы 14 қазандағы № 596 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 29 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 222 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылы 14 қазандағы № 596 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3965 тіркелген, «Заң» газетінде жарияланған, 21 желтоқсан 2005 ж., № 173-174 (798)) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: